IKEA France басшылары көңілі толмаған клиенттерді аңдығаны үшін қамалды
1 397 просмотра
Франция полициясы швециялық IKEA жиһаз алпауытының елдегі бөлімшедегі екі басшысын ұстады. Бас директор мен қаржы директоры қызметкерлер және көңілі толмаған клиенттердің ізіне түскені бойынша тергеу кезінде қамауға алынды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. Топ-менеджерлерден жауап алынбақ.
Бұған дейін Париждегі IKEA штаб пәтерінде тексеру жүргізілген болатын. Аталмыш жайсыз оқиға бойынша бірнеше адам айыпталуда.
Былтыр IKEA France компания қызметкерлері мен сатып алушылары туралы ақпаратты заңсыз жинағаны анықталды. Ал бөлімше әдепті сақтамағандығын мойындаған еді.
IKEA компаниясының франциялық бөлімшесі жеке детективтерді полиция дерекқорын қолға түсіру жалдаған екен. Бұл бөлімшенің ішкі жазбалары жарияланып кеткенде белгілі болды.