Атырау, 5 мамыр 15:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Пара беріп, жымқыру - жақсы іс емес

2 599 просмотра

Прокуратураның ресми өкілі Аслан НҰРҒАЛИЕВ хабарлағандай, прокуратура қызметкеріне пара бермек болған 4 мердігер мекеменің 3 басшысына қатысты бюджет қаржыларын иемдену фактілері бойынша қосымша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге салсақ, 17 маусымда қала прокуратурасы ғимаратында терможаңғырту бағдарламасының шеңберінде үйлерге жөндеу жүргізіп жатқан бірнеше мердігер мекемелер басшыларының мүддесін қорғаған Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясының инспекторы қылмыс үстінде пара беру кезінде ұсталған болатын («Пара берем деп тұтылды»).Іс материалдарына сүйенсек, Атырау қалалық прокуратурасы «2011-2020 жылдарға ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасына бөлінген бюджет қаржыларының жұмсалу заңдылығына тексеру жүргізген. Соның барысында мердігер мекемелердің қызметінен түрлі заң бұзушылықтар анықталды. Олардың бастысы – актілердің нақты орындалған жұмыстарға сай келмеуі. Мердігерлер жауапкершіліктен құтылу мақсатында тұрғын үй инспекторымен келісіп, тексеру жүргізген Атырау қалалық прокуратурасының қызметкеріне 2 000 000 теңге мөлшерінде пара ұсынған. Сол күні қылмыс үстінде ұсталғаннан кейін инспекторға қарсы ҚР ҚК-нің 312-бабы («Пара беру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Содан кейін жөндеу жүргізушілерге кезек келді. 18 шілдеде мердігер компаниялардың 4 басшысы ұсталып, оларға қарсы ҚР ҚК-нің 312-бабының 4-тармағының «а» және «б» тармақшалары («Адамдар тобы алдын ала сөз байласып пара беру») бойынша қылмыстық істер қозғалды.  Жақында олардың үшеуіне қарсы 176-баптың 3-тармағының «б» тармақшасы бойынша («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») қосымша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

19 қараша 2013, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.