Атырау, 26 қараша 12:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Банк қызметкерлерінің жалақысы әртүрлі

4 628 просмотра

Фото: finance.headline.kzФото: finance.headline.kzБанк қызметкерлері қомақты жалақы алады деген пікір қалыптасқан. Шынымен де солай ма және оның «шегі» қандай?

ҚР Ұлттық валюта күніне және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай HeadHunter компаниясының зерттеу орталығы 2013 жылы «Банк, инвестициялар, лизинг» кәсіби саласында қызметкерлерге ұсынылатын еңбекақы деңгейін жариялады.

– Биыл ұсынылатын жалақы деңгейінің өткен жылдың көрсеткішінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. hh.kz сайтында 2012 жылғы (қаңтар – қазан аралығында) жалақысы көрсетілген 324 және 2013 жылғы 10 ай ішіндегі 596 бос орынға талдау жасалды. Банк секторындағы орташа жалақы 106 000 теңге құрады, - дейді HeadHunter Қазақстан компаниясының маркетинг және РR жөніндегі директоры Марина САКИЕВА.

Валюталық бақылау және пластик карталар секілді бағыттар бойынша жұмыс берушілер ұсынатын орташа жалақының төменгі көрсеткіші – 72 мың теңге. Ал еңбекақының ең жоғарғы көрсеткіші мына бағыттарда: «Аналитик», «Аудит, ішкі бақылау», «Қазынашылық», «Өтімділікті басқару» «Кепіл мүлігін бағалау», «Клиенттерді тарту» бойынша – 300 мың теңгеден жоғары, «Акциялар мен бағалы қағаздар» - 400 мың теңгеден астам, «Автонесиелеу», «Ипотека, ипотекалық несиелеу»  - 500 мың теңгеден астам, «Несиелік, лизингтік, операциялық, нарықтық, қаржылық тәуекелдер» - 600 мың теңгеден астам, «Қаржылық өнімдерді сату» - 700 мың теңгеден астам, «Тікелей инвестициялар» - 1,5 млн теңгеден астам, «Копоративтік қаржыландыру» - 1,6 млн теңгеден астам.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

19 қараша 2013, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.