Бұған қоса олар бұл елдің вице-президентіне де тыңшылық жасағандығы айтылуда.
Джакарта өз кезегінде Канберраны Сноуденнен келіп түскен ақпарат бойынша басылған мақалаларға шұғыл түсініктеме беруге шақырды.
Австралиялық премьер-министр Тони Эбботт ел үкіметі қауіпсіздік мәселелеріне ешқашан да түсініктеме бермейтіндігін мәлімдеді.
Сноуден құпия құжаттарды БАҚ-қа тапсырғаннан кейін, Ресейге келіп тоқтады. Оған 2014 жылдың шілдесіне дейін уақытша баспана берілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат