Атырау, 26 қараша 12:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ЖКО құрбандарын еске алу күні

4 847 просмотра

17 қарашада дүние жүзінде жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні аталып өтті. Атырауда бұл күні ұзын бортты КамАЗдар орталық көшелерді аралап, ЖКО кезінде жаншылып-қираған автокөлік қалдықтарымен жүргізушілерге ескерту жасады.

Түстен кейін қаралы авто керуен «Ақ Жайық» қонақ үйінің маңына тоқтады. Жүк машиналары бір сәтте дабыл қаға жөнелді. Камазшылардың дабылына өтіп бара жатқан көліктерден ешкім қолдау көрсетпеді.

Акцияны ұйымдастырған әкімшілік полициясының қызметкерлері журналистерге баспасөз бетшелерін таратты. Онда, неге екені белгісіз, тек жаяу жүргіншілерге қатысты қайғылы оқиғалар статистикасы ғана жазылыпты. Жыл басынан бері жүргізушілер 161 жүргіншіні қағып кеткен және осының салдарынан 22 адам қаза болып, 147-сі түрлі жарақаттар алған. 26 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ 

18 қараша 2013, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.