Атырау, 24 қараша 01:02
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Татарстанда «Боингтің» апатқа ұшырауына байланысты қаралы күн жарияланды

1 827 просмотра
Татарстанда  бүгін, 18 қараша  Казань әуежайындағы апаттан қаза болғандарға байланысты қаралы күн болып жарияланды. Қайғылы оқиға салдарынан 50 адам құрбан болды.

Республиканың қалалары мен ауылдарында мемлекеттік тулар түсіріліп, көңіл көтеретін шаралар мен бағдарламалар тоқтатылды. Православ шіркеулері, монастырьлар мен мұсылман мешіттерінде Құдайға жалбарыну, қаза болғандарға арнап дұға оқу шаралары өтіп жатыр, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Татарстан министрлер кабинетіне әуе апатынан қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша ұсынысты дайындау тапсырылды. Апаттан құрбан болғандардың отбасылары мен туыстарына республиканың резерв қорынан 1 млн. рубльден бөлінеді.

«СОГАЗ» сақтандыру агенттігінің өкілі әрбір қаза болған адам үшін олардың отбасыларына 2 млн. 25 мың рубль сақтандыру жәрдемақысы берілетіндігін мәлім етті.

«Боинг» Домодедоводан жергілікті уақыт бойынша 18:25-те ұшып шыққан. 19:26-да қону кезінде ұшақ жерге соғылып, жарылған.

Ұшақ бортындағы 44 жолаушы мен 6 экипаж мүшесінің бәрі қаза тапты. Олардың арасында Татартстан президентінің баласы Ирек Минниханов пен республика бойынша ФҚҚБ басшысы Александр Антонов болған.

Қазан әуежайына Татарстан басшысы Рустам Минниханов барды.

Ажал құшқан барлық адамдардың мәйіттері табылды, тергеушілер лайнердің құлаған жерін қарап жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

18 қараша 2013, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.