Облыстық өлкетану мұражайында ұлттық валютаның 20 жылдығына арналған көрме ашылды.
Мұнда Сарайшық қаласының орнын археологиялық қазу кезінде табылған ескі тиындар қойылды. Олардың арасындағы ең көнесі – Мөңке-Тимурдың хандық құрған кезінде Үкек қаласында басылған монета.
Көрмеге келушілердің басым көпшілігі - мектеп жасындағы балалар. Бұл - ұлттық валютамыз алғаш шыққан қиын уақыттарды көрмеген жаңа ұрпақтар. Сондықтан алғаш шыққан теңгелер мен тиындарды балалар қызығушылықпен қарап жатты.
- Теңгенің алғашқы банкноттары Англияда басылды. Қазақстанның ұлттық валютаға көшкен 1993 жылдың қарашасында 500 кеңестік сом 1 теңгеге ауыстырылды. Сол кездегі АҚШ долларының құны 4 теңге 75 тиынға бағаланды, - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Айгүл РАМАЗАНОВА. – алғашқы қазақстандық тиындар қағаз түрінде шықты, алайда тез тозып қалып, олар металл тиындармен ауыстырылды. 1995 жылы Қазақстан ұлттық валютасының алғашқы партиясын өз монета сарайында басып шығарды.
Көрмеге алғашқы теңге банкноттары мен теңгелері, содан кейін шыққан, бірақ қолданыстан шығып қалған ақшалар, қазіргі купюралар қойылған. Ұлттық банк шығарған коллекциялық монеталарға бөлек орын дайындалған. Бұлар - алтыннан, күмістен және незельберден жасалған 22 монета, іштерінде ерекше нысанда, гауһарлармен көмкерілген тиындар да бар.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор