Атырау, 5 мамыр 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Туыстар наразылығы

2 719 просмотра

Браконьерлікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне есептелген бес атыраулықты қамауға алу заңдылығына олардың туыстары күмән келтіріп отыр.

Естеріңізге салсақ, 31 қазанда Атырау мен қала маңындағы Ракуша, Дамбы селоларында Жайық сағасында бекіре тұқымдас балықтарды браконьерлікпен аулаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың ықтимал мүшелерін жаппай ұстаған еді («АЖ» №46, 07.11.13 г., «Браконьерлерді инспектор басқарып келген»). Қамауға алынушылардың бірін, Балықшы балық қорғау бөлімінің инспекторын облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы топтың ұйымдастырушысы деп атады. Сот санкциясымен олардың барлығы 2 айға қамауға алынды. Алайда қамауға алынғандардың туыстары бұған қарсы әлденеше рет наразылық білдіруге тырысқан еді. Өздеріне назар аудартқысы келген олар алғашқыда 8 қазанда журналистерді телефон арқылы ҚІІБ ғимаратына шақырды. Баспасөз тілшілері жиналғанымен, туыстарының өздері келмей қалды. 12 қазанда екінші әрекет жасалып, бірнеше адам облыстық сот ғимаратының алдына жиналды. Олар сол жерде төрт сағаттай тұрды. Алайда оларға мекеме қызметкерлерінің ешқайсысы шыққан жоқ. Екі күдіктінің, «Қызыл балық» балық аулау кооперативі балықшыларының туыстарының айтуынша, олар тіпті инспектормен және басқа қамауға алынушылармен таныс емес екен. Туыстары, негізінен әйелдер жағы өз ұлдары мен күйеулерінің биылғы көктемде өкілетті органдар ресми мәлімдеген науқан құрбандары болып отырғандығына сенімді.

Кейінірек ахуалға облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ комментарий берді:

– Біз комментарий бермеуді жөн санаған едік, өйткені бұл іске қатысымыз жоқ. Қалалық сот тергеу органының сұранысы негізінде санкция берді. Егер олар сот шешімімен келіспесе, онда прокуратураға шағымданулары тиіс. Естеріңізге салайын, күдіктілер ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр. Талаптар тергеу ісіне қойылу керек. Қайталап айтамын, облыстық соттың бұл іске еш қатысы жоқ.

Инспектор Берік ОРАЗБАЕВ пен Дамбы тұрғыны, заңды балықшылардың біріМейрамбек РАХМЕТОВТІҢ ата-аналары редакцияға келіп, айыптау тармақтарының бірде-бірімен келіспейтіндігін айтты:

– Олар әкелген қаулы 21 қазанға белгіленген, қамауға алу 31-де жүргізілді. Неліктен қылмыс үстінде, айғақтармен ұстамай, үйлерінен алып кетті? – дейді Зағидолла ОРАЗБАЕВ.

Тергеу жорамалы бойынша ұсталғандар жыл басында топ құрып, қаңтар айынан бастау қылмыстық жолмен балық аулапты.

Айтпақшы, туыстарының айтуынша, қару-жарақтар табылды деген факті жалған екен.

– Бұл өз міндетін орындау үшін оған берілген Беріктің қызметтік тапаншасы, - дейді инспектордың әкесі.

– Қайдағы ұйымдасқан қымыстық топты айтып отыр, олар тіпті бір-бірін танымайды да, - дейді туыстары. – Бұл айыптаулар бос сөз, осыны дәлелдеуді еш тоқтатпаймыз.

Бұл оқиға резонанс тудырды. Қалай дегенмен де, 13 қарашада облыстық прокуратура ұстау фактісіне, осындай ұзақ уақытқа қамауға алуға берілген санкцияға келіспейтіндігі туралы кейбір сұрақтарға жанама түрде жауап беретін баспасөз релизін таратты.

«Үстіміздегі жылдың сәуірінде Бас прокуратура алқа жиналысын өткізіп, онда Жайық-Каспий өңіріндегі бағалы балық тұқымдастарды қорғауға және өсіріп-өндіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру туралы мәселе қарастырылды. Алқа жиналысының қорытындысы бойынша, прокуратура органдарына заңсыз балық кәсіпшілігімен айналысатын қылмыстық топқа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша құқыққорғау органдарының қызметін үйлестіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.  

Құқыққорғау органдарымен бірге қабылданған шаралар бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаумен айналысқан ұйымдасқан топтардың қызметін құрықтауға мүмкіндік берді. Осылайша, 31.10.2013 жылы табиғат қорғау прокуратурасы мен облыстық ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында 4 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Оларды тінту кезінде 60 келідей бекіре тұқымдас балықтар, қару-жарақтар, қара уылдырық тәркіленіп алынды. Сол күні ІІД осы фактіге қатысты ҚР 235-бабының 1, 2-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады.  

Заңсыз бизнеске қамқорлық жасаған «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық аулау шаруашылығы инспекциясының инспекторы қылмыстық топтың ұйымдастырушысы болып табылады. 01.11.2013 жылы табиғат қорғау прокуратурасы оған қатысты ҚК-нің 308-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сот бүкіл 5 айыпталушыға қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады».

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

15 қараша 2013, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.