Атырау, 17 қаңтар 22:56
 ашықВ Атырау -16
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Отбасылық мердігерлік

2 779 рет қаралды

Жылыой ауданындағы мектептердің бірінің директоры қазына қаржысын ұзақ уақыт бойына оңай жолмен иемденіп келген.

Жылыой аудандық прокурорының аға көмекшісі Марат ЕРМЕКОВТЫҢ хабарлағанындай,Құлсары қаласындағы№6 мектеп қызметкерлерінің арызына орай жүргізілген тексерудің нәтижесінде мектеп директоры Ш. ҚАЗБАЕВАНЫҢ қазына қаржысын жымқырғандығы туралы фактілер анықталған.

Оның үстінен ҚР ҚК-нің 176-бабы бойынша («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету») қылмыстық іс қозғалды.

Сот барысында Қазбаева 2012-2013 жылдары аралығында мектепке тек тіркеліп тұрған бірнеше туыстарын жұмысқа алған. Жұмыс уақытын тіркеу туралы жалған еңбек табельдерін толтыру арқылы ол осы уақыт ішінде жалпы көлемі 2 млн-нан астам теңгені иемденген.

Соттың шешімімен ол бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

15 қараша 2013, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.