"Біреудің есебінен бауырмал көріну оңай, әрине. Бірақ, Еуропа алдымен бізге көгілдір отын келісімі бойынша жоғалтқан 20 миллиард долларымызды қайтарсын. Тимошенконың бостандығын қаласа сол шығынды өтесін алдымен" деді халық қалаулысы.
Айта кетейік, Украинаның бүгінгі билігі Ресеймен арада Тимошенконың кезінде жасалған көгілдір отын келісімін өте тиімсіз деп есептеді. Елдің қазіргі үкіметін басқарып отырған Николай Азаров дәл осы келісімнің салдарынан соңғы үш жылда Украина 3 миллиард доллардан айрылды дегенді айтып отыр.
Былтыр мемлекет басшылары Еуропадан келтірілген шығынды сұраған болатын. Ол кездегі сома 12 миллиард доллар болатын.
Дереккөз: Baq.kz