«Біз Астрахань қаласының мэрі ұсталғанын растаймыз», - деді агенттік тілшісіне берген сұхбатында ІІМ өкілі, алайда ол қандай да бір қосымша ақпарат беруден бас тартты.
Қала мэрі, «Единая Россия» партиясының мүшесі Михаил Столяров Астраханьды 2012 жылдың басынан бері басқарып келеді. Оған дейін М. Столяров қала басшысының міндетін атқарушы болды, ал 2009 - 2011 жылдары Астрахань қаласының вице-мэрі қызметін атқарған.
«Астрахань қаласының мэрі Тергеу комитеті айналысқан іс материалдары бойынша ұсталды», - делінген агенттік ақпаратында.
Дереккөз: inform.kz