Атырау, 22 қараша 20:38
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

8 жасар лауреат

2 752 просмотра

Атыраулық «Фантазия» вокалдық балалар студиясының жеке орындаушылары Х-шы мерейтойлық «Ақ Көгершін» республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында сәтті өнер көрсетті.

Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 700-ден астам бала қатысты. Жас таланттар «Хореография», «Вокал», «Біртума жанр» номинациялары бойынша сайысты. Бір «Вокал» номинациясында үш жас ерекшелік санаты бойынша 108 үміткер бақ сынасты. Байқау шарты бойынша жеке орындаушылар бір әнді а капелла түрінде, ал екіншісін музыканың сүйемелдеуімен орындады. «Фантазия» орындаушысы 8 жасар Санат АСУАТ ең төменгі жас санаты бойынша үшінші сыйлықтың иегері атанды. 11 жастағы Әмір АЙТҚАЛИЕВ байқауға қатысушылардың орта тобында үшінші орынды иеленсе,  Гауһартас САҒИТОВА байқаудың ІІ орын дипломанты атанды.

Вокалдық студияның жетекшісі Любовь ИВАНОВА «Үздік педагог» атағын алды. Студия вокалшылары республикалық байқауға үшінші рет қатысып отыр. Алғаш боп елді мойындатуға жеке орындаушылар Лианна ПЛУЗЯН мен Таня КАБАНКИНА аттанған еді.

Бүгінде Таня тәжірибелі әнші, мамырда ол өзінің алғашқы жеке концертін ұйымдастырған болатын. Санат, Гауһартас пен Әмір осындай ауқымды байқауға алғаш рет қатысып отыр, алайда олар өте лайықты өнер көрсетті. Бұған қаладағы барлық шараларға қатысу тәжірибелері түрткі болған еді. «Фантазия» вокалшылары Қарттар үйі мен №1 интернатқа үнемі қонаққа барып тұрады. Келесі жылы вокал студиясы өзінің 10 жылдық мерейтойын мерекелік концертпен атап өтпек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.