Атырау, 23 қараша 21:56
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Виктор Янукович Мәскеуде неге жасырынып жүр?

2 231 просмотра
Украина президенті Виктор Янукович демалыс күндері Мәскеуге жасырын келіп кетті. «Эхо Москвы» радиостанциясының хабарлауынша, бұл мәліметті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растап отыр.

Оның айтуынша, Украина президенті Ресейге сенбі күні келген. Ол Мәскеуде Владимир Путинмен кездесіп, екі елдің сауда-экономикалық қатынасын дамыту мәселесін талқылаған. Д.Песков кездесуде талқыланған басқа да мәселелерді айтқан жоқ.

В.Януковичтің Ресейге сапарын ақпарат құралдары жарияламаған. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі де хабарлаған жоқ.

«Батькивщина» фракциясының басшысы Арсений Яценюктің мәлімдеуінше, В.Януковичтің Мәскеудегі келіссөздері сенімсіздік тудырып отыр. Яғни, ол мемлекетін сатты, дейді саясаткер.

Қазір Мәскеу мен Киевтің қарым-қатынасы шиеленісіп тұр. Ресей билігі Украинаның Еуропа Одағына кіруіне қарсылық білдіріп, Украинаға жасалған бірқатар жеңілдіктерді жойып тастады. Ал украиналық саясаткерлер: «Мәскеу бізді бопсалап, Кеден Одағына кіруге мәжбүрлемекші.

Дереккөз: Baq.kz

12 қараша 2013, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.