Мәскеуде өткен «Ғалам аруы» байқауының финалында Венесуэла өкілі Габириэла Ислер жеңімпаз атанды.
Ол жеңімпаз тәжімен қоса, 250 мың доллар сыйақыға ие болды. Алдағы бір жылын ол Нью-Йоркте тұратын болады. Байқауды ұйымдастырушылар оған қаланың орталығынан пәтер жалдап береді, деп хабарлайды РБК.
Венесуэла өкіліне жеңімпаз тәжін өткен жылғы «Ғалам аруы» Оливия Калпо өз қолымен табыс етті.
Венесуэла президенті Николас Мадуро өз микроблогында Г.Ислерді құттықтап, оның жеңісін елдің толағай табысы деп атап өтті.
Финалға өткен бес арудың арасында Испания, Филиппин және Эквадор, сондай-ақ Бразилия өкілдері болды.
Дереккөз: ҚазАқпарат