8 қарашаға қараған түні Құлсары қаласында Жылыой ауданының Ақкиізтоғай ауылының тұрғынына атыс қаруынан оқ атылып, аудандық ауруханаға түсті.
26 жастағы Өтеген Орынбасаров сол қолынан жараланған, өзі сөйлейтін халде. Одан жауап алу кезінде өз аузынан болған оқиғаны былай деп баяндап берген: 7 қараша күні Құлсары қаласында орналасқан «Бес ағайын» тойханасына ағасы Даурен Орынбасаровтың үйлену тойы болына барады. Ал той тарқаған түнгі сағат 1.30-да ол ағайын-тумаларына көмектесіп, тойдың заттарын автокөлікке тасып жатқанда, тойханаға бейтанысы бір топ жас жігіттер келіп, ағасы Куанышты ұрып-соғып жатқанын көрген. Сол кезде арашаға түскен уақытта тойхананың алдынан бір жас жігіт қолындағы шолақ мылтықпен сол жақ иық тұсына атқан. Осы кезде бәрі қашып кеткен.
Жылыой ауданы прокурорының аға көмекшісі Марат ЕРМЕКОВТЫҢ айтуынша, бұл факті бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА