Атырау, 18 мамыр 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Браконьерлерге балық қорғау инспекторы басшылық еткен

2 415 просмотра

Атырауда Жайық сағасынан браконьерлікпен бекіре тұқымдас балықтарды аулаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушыларды ұстау жұмыстары жүргізілді.

Облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Әбілсейіт ӘМІРОВхабарлағандай, қаланың өзінде, сондай-ақ браконьерлерді ұстау қала маңындағы Ракуша мен Дамбы поселкелерінде жүргізілген. Барлығы бес күдікті ұсталыпты. Солардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық еткен Балықшы балық қорғау бөлімінің инспекторы бар. Олардың мекен-жайлары бойынша қайықтар, аспалы моторлар, аулар, балық аулау құралдары, «Гармин» маркалы спутниктік навигация құралы тәркіленіп алынды. ҚР ҚК-нің 235-бабының 2-тармағы бойынша («Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында құрылған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу»), балық қорғау инспекторына қатысты ҚР ҚК-нің 235-бабының 3-тармағы бойынша («Қызмет бабын пайдалана отырып қылмыстық топ құру») қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Жедел топ қызметкерлерінің айтуынша, бұл браконьерлік мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактісі бойынша Атырау қаласында кеңестік дәуірден кейінгі қозғалып отырған алғашқы қылмыстық іс екен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қараша 2013, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.