«Талибан» пәкістандық қозғалысының бұрынғы жетекшісі Хакимулла Месхудтың Солтүстік Вазирстан провинциясында американдық ұшқышсыз зымыран соққысынан қаза болғаны бұған дейін хабарланған болатын.
Соған байланысты қарашаның басында «Талибан» қозғалысы жоғары кеңесінің жиыны өтті. Онда Мулла Фазлулланың осы қозғалысты басқаратыны жөнінде шешім қабылданды. Аймақтық басылымдар бұл адамның қатаң исламдық көзқарастарымен танылғанын, сонымен қатар, оның басқа тараптармен бейбіт мақсаттағы келіссөздерге бара бермейтінін жазады. Сол себепті, жергілікті сарапшылар Мулла Фазлулланың сайлануы тәлібтер мен Пәкістан Үкіметінің арасындағы келіссөздерге серпін бермейді деп санайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат