Атырау, 26 қараша 10:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бір ай ішінде газдан 10 адам көз жұмды

2 062 просмотра

Өзбекстан азаматтары қаза болған Алтынсарин көшесіндегі үй.Өзбекстан азаматтары қаза болған Алтынсарин көшесіндегі үй.

Атырауда Алтынсарин көшесіндегі жеке үйде 5 адам, соның ішінде бір сәби газден уланып, көз жұмды.

ТЖМ мәліметі бойынша, 6 қараша күні таңертең табиғи газбен жылытылатын пештің ақаулығы салдарынан газ иісінен уланып, сол жерде Өзбекстан азаматтары қайтыс болды. Олардың ең үлкенінің жасы 23-те, ал ең кішісі небары бір жаста болатын.

Үй қожайынының ұлымын деп танысқан Мағлұмат ҚИСМЕТОВТІҢ айтуынша, Өзбекстанның бес азаматы бір-біріне туысқан болып келеді екен. Оралман әке-шешелеріне қонаққа келген ұлы мен келіні, қызы мен күйеу баласы сәбилерімен осы үйде тұрған. Қазір Атыраудағы туыстары марқұмдарды Өзбекстанға аттандыру қамына кірісіп кетті.

Бұл жаңа жылу маусымы басталғалы бері кісі өлімімен аяқталған бірінші оқиға емес. 10 қазанда қала маңындағы Сарыөзек ауылында үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылған еді. Үш адам қаза болды, олардың ішінде бір жасар сәби де болатын. 3 қарашада Огородный көшесінің бойындағы жеке үйде газ жабдығының ақаулығы салдарынан екі әйел адам өртеніп кетті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

7 қараша 2013, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.