Атырау, 25 сәуір 06:35
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Оқиғалар тізбегі

2 551 просмотра

ҚІІБ-не Баймұханов көшесінің бойында уақытша тұрып жатқан Индер ауданының 38 жастағы тұрғыны шағымданды. Ағымдағы жылдың сәуірінде 35 жастағы Балықшы тұрғыны жақсы жұмыс тауып беремін деп уәде беріп, 350 мың теңгесін алып, ғайып болған. Алаяққа іздеу жарияланды. 

***

 

Қарашаның 2-де сағат 17-де Дамбыдағы бұрынғы «Қызыл балық» ұжымдық шаруашылығының маңында Жайық өзенінің жағасында су полициясының қызметкерлері 44 жастағы әйелді ұстады, оның сөмкесінің ішінде жаңа ауланған 28 келі бекіре бар екен. Қайдан алдың деген сұраққа әйел жағалауда балық аулап жүргендерден алғанын айтқан. Жеңсік ас тәркіленіп алынды.

***

 

Қарашаның 3-де әуежай тасжолында ВАЗ-21140 «Лада» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Мицубиси» және ВАЗ-21073 көліктерімен соқтығысқан. Апат нәтижесінде «Лада» көлігінің жүргізушісі сол жерде көз жұмған. Ал оның жолаушысы мен «Мицубиси» жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді.

***

 

Қарашаның 3-де Жылыой АІІБ қызметкерлері Құлсары-Сарықамыс тас жолында Теңіз вахталық поселкесі маңында Жаңа Қаратон поселкесінің 36 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Газель» көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде 2,5 метртүрлі-түсті металл кабель сымы табылды. Бағалы жүктің Теңіздегі ЖШС-лердің бірінде жұмыс жасайтын 33 жастағы жолаушыға тиесілі екені анықталды.

***

 

Қарашаның 4-де Алмагүл ықшамауданындағы қалалық №2 полиция бөліміне «Дина» базарында жұмыс істейтін 38 жастағы жеке кәсіпкер шағымданды. Екі күн бұрын базарда жас жігіт оның қолынан құны 10 мың теңге тұратын LG ұялы телефонын тартып алыпты. Тонау қылмысын жасады деген күдікпен қаланың 18 жастағы тұрғыны ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

7 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.