Қазақстанда Еуропа елдеріне қарағанда көп жасанды түсік жасалады - бұл туралы «Амансаулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт ТҮМЕНОВА ресми статистикалық деректерге сүйене отырып хабарлады. Денсаулық сақтау департаментінің деректері бойынша, Атырау облысында 2012 жылы 2090 жасанды түсік жасалған, ал үстіміздегі жылдың 9 айында әйелдер бұл процедурадан 1 085 рет өтіпті.
Қазақстанда бұл проблема 2007 жылы шарықтау шегіне жеткен. Ол кезде 130 мың жасанды түсік тіркелген. Бұл мәселені кезінде мәжіліс депутаттары да көтерген еді. Олардың кейбірі елде жасанды түсік жасауға тыйым салу керек деп те ұсыныс жасаған. Әзірге жүзеге асқан жоқ. Ресейде, мәселен, таспен емес, аспен ұрып жатыр - онда бала туу аналық капиталмен көтермеленеді.
Атырау облысында жасанды жолмен жүктілікті тоқтату жасөспірімдер арасында көп кездесіп отыр. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дина КАМЕЛОВА жақында берген сұхбатында былай деген болатын: 2012 жылы Атырау облысында жүктілігіне байланысты он бес пен он сегіз жас аралындағы 1 153 жасөспірім тіркелген. 64 жасөспірім қыздан басқалары балаларын сақтап қалған. Бұрын жүкті болмаған адамдардың бала туу органдарына жасанды түсік жасатудың қалай кері әсер ететіні баршаға белгілі. Әрине, бәрі де осы жүктілікті жасанды тоқтатуға байланысты болды деп сенімді айтуға болмас, алайда бүгінде облысымызда 577 бала көтере алмайтын ерлі-зайыптылар бар.
Анастасия ПАСТУХОВА