Атырау, 25 тамыз 11:26
 дождьВ Атырау +23
$ 457.99
€ 534.15
₽ 5.47

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты: жүк көлігі мен бұрғылау қондырғысы өртенді

20 рет қаралды

Шымкенттің Еңбекші ауданындағы Қаратөбе жолындағы газ құбырында ірі өрт орын алды. Өрт туралы дабыл «112» пультіне түсіп, оқиға орнына ТЖМ шұғыл жасақтары жіберілді.

Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде жүк автокөлігі мен бұрғылау жабдығының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Ауқымды апаттың алдын алу үшін газ қызметінің мамандары вентильді жауып, газ беруді уақытша тоқтатты.

Өрт сөндірушілер газ құбырын салқындату үшін су шашып, жалынды толығымен сөндірді. Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің арқасында өрттің жақын маңдағы тұрғын үйлерге көшуіне жол берілмеді.


Бүгін, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.