Атырау, 23 қараша 21:54
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәжікстанда президент сайлауы өтіп жатыр

3 054 просмотра
Бүгін Тәжікстан азаматтары президент сайлауына дауыс беріп жатыр. Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 6-да ашылған сайлау учаскелерінде дауыс беру кешкі сағат 8-ге дейін жалғасады. Сайлау заңы бойынша, сайлау өтті деп танылуы үшін сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс беруге қатысуы қажет.

Президент сайлауына түскен алты үміткердің арасында Тәжжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан қазіргі президент 61 жастағы Эмомали Рахмоннан басқалары жұртқа танымал тұлғалар емес.

Бұл жолғы сайлауға Тәжікстан оппозициясы ортақ кандидат ретінде ұсынған, бірақ билік тіркемеген соң сайлауға түсуден бас тартқан Ойнихол Бобоназарова бүгін Азаттықтың Тәжік қызметіне берген сұхбатында дауыс беруге бармайтынын айтқан. Сонымен бірге бұған дейін президент сайлауына бойкот жариялаған Тәжікстан социал-демократиялық партиясының (ТСДП) жетекшісі Рахматуло Заиров та бүгінгі сайлауға дауыс бермейтіні туралы мәлімдеген.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы билік бақылайтын бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдында тек Рахмонның кандидатурасына ғана көңіл бөлгенін сынға алды.

Сарапшылар 8 миллион тұрғын халқының жартысынан астамы кедейшілік жағдайда өмір кешіп жатқан Тәжікстанда бұл жолғы сайлауда да Эмомали Рахмонның жеңіске  жетіп, төртінші мерзімге айқын басымдықпен қайта сайланатына шүбә келтірмейді.

Тәжікстан президенті сайлауының алдын ала ресми нәтижесі 7 қарашада белгілі болмақ.
Дереккөз: Азаттық радиосы
6 қараша 2013, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.