Атырау, 26 қараша 11:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тартымды жобаларға арналған көмекқаржы

2 041 просмотра

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ қатысуымен Өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) кезекті отырысы өтті. Онда «Бизнестің жол картасы-2020» (БЖК) шеңберінде несиелерді субсидиялау жөніндегі кәсіпкерлердің өтініштері қаралды.

 

ДІЛДЕС БАУЫРЛАР

Естеріңізге салсақ, БЖК-2020 шеңберінде мемлекет «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктердің несиелері бойынша пайыздардың жартысына дейін өтейді.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармасының бастығы Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВАНЫҢайтуынша, жарты жыл (қаңтар-маусым) ішінде 14 өтініш қаралды. Олардың бәрі мақұлданып, өтініш берушілермен субсидиялау жөнінде келісімшарт жасалған.

Сома толықтай игерілгендіктен, біз республикалық бюджеттен қосымша қаржы сұрадық, - дейді Жұмағалиева. – Экономика және даму министрлігі бізге мақұлданған, бірақ субсидиялау келісімшарттары жасалмаған жобаларға 73 млн теңге мөлшерінде қосымша қаржы бөлді. Мұндай жобалар саны 15.

Жұмағалиева жыл аяғына дейін қосымша субсидиялауға тағы 22 млнтеңге бөлінетіндігін, сондықтан жыл аяғына дейін өтініштерді қабылдау және қарау жоспарланатындығын мәлімдеді.

Жалпы осы бағдарлама бойынша біздің облысымызға мемлекеттік бюджеттен 99 жобаға 659 млн теңге бөлінді. Осы 99 жобаға екінші деңгейлі банктер 14 млрд теңге сомада несие берді.

Отырыста аталып өткендей, субсидия сомасы басқа өңірлермен салыстырғанда көп емес: «Тіпті Оралға да субсидиялауға көп бөледі» екен. Кәсіпкерлік енжарлығын өңір ерекшелігімен түсіндірді: «Маңғыстау мен Атырау облыстарында несие үнемі аз беріледі. Бұл жерде шағын және орта бизнес қатты дамымаған».

 

МЕРСИ, БАКУ

Отырыста бірнеше өтініш мақұлданды. Солардың ең қызықтыларына тоқталайық.

Атап айтқанда, «Сбербанк России» АҚ ЕБ филиалы «EmAk Group» ЖШС-не жылжымайтын мүлік сатып алуға және фитнес орталығын ашу үшін жабдықтар сатып алуға несие беруді мақұлдады. Несие сомасы 52,4млн теңге. Сыйақы мөлшері жылдық14%(7%-ымемлекет есебінен өтелетін болады).

Компания Атырауда тіркелген.  Алайда Ғ.Дүйсембаевтың «өздеріңіз қай жақтансыздар?» деген сұрағына компания өкілдері: «Әзірбайжаннанбыз» деп жауап берді. Сол кезде жергілікті «Сбербанк России» филиалының өкілі өздерінде Қазақстанда мекендеу қағазы бар екенін, мұның несиелеу шарттарының бірі екенін атап өтті.

Қожайындарының айтуынша, компания өткен жылы тіркелген, алайда өз қызметін тек биыл бастапты. Жабдықтарды, маман киімдерін, көліктер мен ауыр техниканың қосалқы бөлшектерін көтерме саудамен жеткізумен айналысады.

Өз таңдауларын жігіттер аса игерілмеген нарықпен түсіндірді:

«Орташа баға деңгейіне арналған фитнес орталықтары қалада онша көп емес». Зал үшін қаланың қақ ортасында, Сәтпаев даңғылының бойындағы бес қабатты үйлердің бірінде орналасқан цокольды қабаттың 450 шаршы метрі сатып алынған. Несиелік тарихының жоқтығына қарамастан, ресейлік банк филиалы жобаны мақұлдады.

- Жоспарланған бизнес өтелімді, ал мүлік құны сатып алынған жабдықтармен қосқанда тәуекелді жабады, - деді банк өкілдері.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары студенттер мен параолимпиадалық ойындарға қатысушыларға қатысты әлеуметтік жеңілдіктер туралы сұрады. Компания өкілдері негізгі бағалар анықтамалығының 35 пайызы мөлшерінде студенттер үшін, сондай-ақ, мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін жеңілдіктер жасауды жоспарлап отырғанын растады. Олардың айтуларынша, айлық абонементтің жоғарғы бағасы 15-18 мың теңге болмақ.

- Қазіргі уақытта Атырауда мұндай баға жоқ, - деп мәлімдеді бизнесмендер.

- Бастысы, кейін өз уәделеріңіз туралы ұмытып кетпеңіздер, - деп ескертті Дүйсембаев.

 

«ГАЗПРОМДЫҚ» ДӘРІГЕРЛЕРДІ ӘКЕЛЕДІ

Сонымен қатар, конкурстықкомиссия ағаш өңдеу жөніндегі «Линк В. А.»ЖК жобасын қарастырды.Мұның мәнісі – сырттан әкелінетін ағашты іскерлік бағыттағы ағашқа өңдеуді ұйымдастыру. Жұмағалиеваның айтуынша, мұндай технология өңірде бұрын-соңды қолданылмаған. Құны 6 млн теңге болатын жоба мақұлданды.

Отырыста тағы бір қала үшін тартымды жобаның – Нұрсая ықшамауданындағы ақылы емхананың тағдыры шешілді. Жобаның өзі өткен жылы мақұлданған еді (несие сомасы 60 млн теңге). Алайда қожайындары емхананы белгіленген уақытта аша алмай, 3 ай мерзім асып кеткен. Мұндай жағдайда облыстық «Даму» филиалы несиенің уақытында өтелмеуіне байланысты субсидиялаудың тоқтатылғандығы туралы ұсыныс енгізеді. Алайда, отырыста айтылғандай, жобаның өзі тартымды болғандықтан бір ай мерзімге ұзартты.

- Біз жоспарлаған кезде құжаттарға қатысты осындай сарсаңға түсеміз деп ойламаған едік, - деп түсіндірді мерзімді кешіктіру себебін емхана өкілі. – Тек бір кету қағазы үшін 11 инстанциядан өту керек.

Залда отырған кәсіпкерлер оның сөзін қолдады: «Мемлекет белгілеген 37 күн мерзімге ешкім де үлгермейді. 8 айлап жүретіндер де бар».

Емхананы жақын арада ашу жоспарланып отыр. Айтылып өткендей, дәрігерлерді Ресейден шақырмақ. «Газпромдық» ауруханамен келісімшарт бар екен.

- Бағасы нарық бағасынан төмен болады, ал егер мемлекеттік көлем алатын болсақ, онда мүлдем тегін болмақ, - деп сендіреді емхана өкілі.

ӨҮК қарауындағы жобалардың бәрі керемет екенін көріп отырмыз.

 

ЖЕҢІМПАЗҒА АРНАЛҒАН ТЕЛЕДИДАР

Отырыс алдында «Атыраудың үздік тауары 2013» конкурсының номинанттарын марапаттады.

Облыс әкімінің бірініші орынбасары Ғ.Дүйсембаев жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады (1-орын - теледидар, 2-орын – ноутбук, 3-орын – смартфон).

«Азық түлік мақсатындағы үздік тауар» номинациясында бірінші орынды «АтырауАгроӨнімдері» ШҚ, 2-орынды – «Жемчужина» ЖШС, 3-ші орынды «Заман Групп» ЖШС иеленді.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында 1-орынды «ШевронМұнайГазИнк» компаниясы, 2-орын - «Новус Силинг Каспиан» ЖШС, 3-орын - «Рауан Налко» ЖШС алды.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында1-орын «Қалиева А.» ЖК-не, 2-орын - «Өнерпаз» ЖШС және 3-орын - «Дәулетов Н.» ЖК-не бұйырды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

6 қараша 2013, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.