Атырау, 5 қараша 05:18
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Өзбек жеңгетайы ұсталды

2 037 просмотра

Атырауда биылғы жылдың шілдесінде Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 135-ші («Адам саудасы») және 223-ші («Шетелге заңсыз шығу») баптары бойынша Өзбекстанның құқыққорғау органдары іздеу жариялаған Ташкенттің 34 жастағы тұрғыны ұсталды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл әйел 2010 жылдың желтоқсанынан бастап 2013 жылдың шілдесіне дейін басқа тұлғалармен қылмыстық келісім жасап, өз отанынан жақсы жұмыс тауып беремін деп қыздарды алдап шақырып, оларды жыныстық әрекетке пайдалану мақсатында Өзбекстаннан тысқары жерлерге асырып отырған деп күдіктеліп отыр. Қылмыстық топ Қазақстанның бірнеше қалаларында жұмыс істеген. ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Атырауда бұл әйел притон ұйымдастырмаған, тек осы жерде бой тасалаған екен.  

Үш қыз сексуалдық құлдықтан құтылып, өз отанындағы құқықорғау органдарына арызданған. Ұсталған әйел Атырау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді оны Өзбекстанға экстрадицияламақ. Өзбекстан ҚК-нің аталмыш екі бабы бойынша ол 3-тен 5 жылға дейін жаза алуы мүмкін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қараша 2013, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.