Атырауда коттедждердің біріндегі құрылыс алаңынан полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен ресейлік құқыққорғау органдары іздеу жариялаған Өзбекстанның 34 жастағы азаматын ұстады.
Оған қатысты Башқұртстан Республикасының тергеу комитетінен бағдар келіп түскен болатын. Онда биылғы жылдың 18 қыркүйегінде күдікті тұрмыстық ұрыс-жанжал барысында әйел адамның кеудесіне асүй пышағын салып алып, ол әйел он күннен кейін ауруханада көз жұмғандығы хабарланған.
Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, оны Ресейге экстрадициялау шарасы жүргізілмек.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ