Атырау, 26 сәуір 19:51
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Халықаралық жаңа одақ құрылады

1 733 просмотра

Түркі халықтарының музейлері бір одаққа бірігетін болады. Одақты құрудың алғышарттары  7-12 қараша аралығында Түркияда өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Түркі халықтары (мемлекеттері) музейлерінің халықаралық форумы алғаш рет өткелі отыр. Форум ертең Бурса қаласында жұмысын бастап, 12 қарашада Стамбул қаласында одақтың құрылуымен аяқтайтын болады.
Сонымен қатар, форумға қатысушылар Түркияның Жасыл мешіті, Түркия мен ислам діні музейі, Энергетика музейі, Ұлттық сарайларды аралайды.
Форумға түркі халықтарының мемлекеттерімен қатар, Монғолия, Тәжікстан, Қырым (Украина), Ресей елдерінің де өкілдері қатысады деп күтілуде. Ал, Қазақстан тарапынан арнайы делегация қатысатын болады.

Дереккөз: BAQ.KZ

6 қараша 2013, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.