Атырау, 11 желтоқсан 19:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Полейцейлерге арналған патруль

2 405 просмотра

Атырау облыстық ішкі істер органдарына 200-ден аса қызметкер жетіспейді. Кадрлар тапшылығы, әсіресе, Атырау қалалық ішкі істер басқармасы мен Жылыой аудандық ІІБ-те қатты байқалып тұр.

- Аттестация қорытындысынан кейін ішкі істер органдарынан 96 қызметкер өз орындарын босатты. Оларға зейнеткерлікке кеткендерді қосыңыз. Кадрлардың жетіспеушілігі офицерлік құрамда да, қатардағы полейцейлер құрамында да байқалады, - дейді кадрлармен жұмыс басқармасының бастығы Болат ЛҰҚМАНОВ. – Қазір кадрларды таңдау және бос тұрған лауазымдарға отырғызу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл тұрғыда әскери комисариатпен және оқу орындарымен қоян-қолтық жұмыс жасап жатырмыз.Нәтижелер де жоқ емес, өйткені, егер өткен жылы кадрлар тапшылығы 300 адамды құраса, биыл ол 212-ге дейін төмендеді. 

Ол, сондай-ақ, құқық қорғаушы болуға үміткерлер конкурстық іріктеуден өту кезінде заңды жақсы білетіндіктерін, мықты физикалық дайындығы бар екенін, сонымен қатар психологиялық тестілерден мүдірмей өтулері керектігін атап өтті.

- Бұл талаптардың барлығы қатарымызда кездейсоқ адамдар жұмыс жасамауы үшін қойылып отыр, - дейді Б. Лұқманов.– Осы мақсатта криминалдық полиция мен өзіндік қауіпсіздік қызметкерлерінен құрылған коменданттық патруль жұмыс жасайды. Олардың міндеті – полейцейлер тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу. Жыл басынан бері коменданттық патруль 62 рейд жүргізіп, олардың барысында онға жуық бұзушылықтар анықталды. Облыстың ІІД, ІІБ және АІІБ бөлімшелерінің басшылары өз қызметкерлерінің жемқорлық қылмысқа және басқа да заң бұзушылықтарға жол бергені үшін жеке жауапкершілікке тартылатыны жөнінде хабардар.

Көріп отырғанымыздай, жергілікті полиция басшылары кадрлар тапшылығы мәселесі өз шешімін табатынына, тіпті, «асыра орындалатынына» сенімді. Өйткені олар ІІМ-ге облыстық ІІД-нің штаттық санын тағы 300 бірлікке арттыруға өтініш жолдапты.

Тамара СУХОМЛИНОВА

5 қараша 2013, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.