Облыс нысандарының 2013-2014 жылдардың жылу маусымына дайындық сапасы туралы «АЖ»-ның ресми сауалына берген жауабында ТЖ департаменті басшысының орынбасары Қабылбек ҚЫСТАУБАЕВ жоспарланған қысқа дайындық шаралары толықтай орындалғанын хабарлады.
Атап айтқанда, облыс бойынша қуаттылығы сағатына 100 гигакалорий болатын дербес 770 қазандық, 36,1 км жылу тораптары мен 659,5 электр тарату желілері, 5,4 км су құбыры мен кәріз жүйесі жөндеуден өткен. 377 білім беру, 152 денсаулық сақтау, 257 әлеуметтік қамту нысандарының және көппәтерлі 1 488 үйдің жылу жүйелеріндегі ақаулар жойылған. Ендеше бұл жұмыстардың нәтижесін қыс мезгілінде көретін боламыз.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ