Тергеу монарх күйеу баласының өткізген спорттық шаралардың шығынын көтеріп белгілегенін анықтаған. Асып қалған ақшаны ол оффшорға салып отырған.
2013 жылы сәуір айында осы іске королдің қызы Кристина айыпталған болатын. Құқық қорғау органдары королдің кенже қызы күйеуінің қаржы жымқыруын білген, тіпті кейбіріне өзі араласқан деп отыр. Бұған дейін сот органдары күйеу баланың бизнес серігі Диего Торрестің хатын жария етті, онда королге күйеу баласының қаржыға қатысты әрекеті белгілі болғандығы айтылған.
Соңғы жылдары Испанияда король отбасының беделі төмендеп кеткен.
Осы жайсыз оқиғаға дейін корольдің өзі де айыпталған болатын. 2012 жылы Хуан Карлос I Ботсванада піл аулағаны белгілі болған. Испаниядағы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының филиалы 1968 жылдан бері осы ұйымның құрметті президенті атанған Хуан Карлос I-ді атағынан айыруды ұсынған болатын.
Дереккөз: BNews.kz