Атырау, 9 желтоқсан 22:28
 ашықВ Атырау -7
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Әмірлікте алғашқы боп Атырау тұрғыны ұсталды

3 475 просмотра

Әбу-Даби полициясы. Фотосурет: Ytro.ruӘбу-Даби полициясы. Фотосурет: Ytro.ruБүгін 4 қарашада 32 жастағы атыраулық Мырзабек ҚАУЫТБАЕВТЫ Әбу-Даби әуежайында (БАӘ) төлқұжаттық тексеру қосынында полицияның қамауға алғанына оныншы тәулік болды. Алайда туыстарына әлі күнге дейін оның не себепті ұсталғаны белгісіз боп отыр.

Ұсталушылардың арасында Атырау тумаларының бар екендігі белгілі болғаннан кейін біз осы жақтағы олардың туыстарын іздей бастадық. Сол кезде олардың өздері редакциямен байланысқа шықты.

- Біз Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған жаңалықтар агенттіктерінің мәліметтерін теріске шығарғымыз келеді, - деді телефон арқылы Қауытбаевтың анасы Айгүл ӘБУҒАЛИЕВАОлар оқуға кеткен студенттер емес, отбасылары, балалары бар ересек адамдар. Олар көптен бері Шарджада жұмыс істейді. Бізге келіңіздер, бәрін айтып береміз.

…Аманшин көшесіндегі жеке үйдің қақпасынан ұзын көйлек киген, басында орамалы бар әйел адам шығып қарсы алды. 76 жастағы әжесінен басқа үйдегі әйелдердің барлығы да осылай киініпті. Бұл отбасының діндар жандар екені көрініп тұр. Алайда олар Әмірліктегі ұлдарына қатысты жағдайды осы фактормен байланыстырып отырған жоқ.

- Иә, біз бес уақыт намазымызды оқимыз, жұма сайын орталық мешітке барып тұрамыз. Сонда бұл мұсылман елінде қамауға алу үшін себеп болғаны ма?

Мырзабек 2011 жылы Шарджаға әйелі мен балаларын алып, сол жерде бірнеше жыл бұрын өзінің «Investgroup.kz» фирмасының негізін қалаған оралдық танысының шақыруымен жұмыс жасауға кеткен. Олардың айтуларынша, Мырзабектің кім боп жұмыс істегенін туыстары білмейді. Айгүл олардың көлік айдап апаратынын көрмедім деп растайды:

- Бұл фирма көліктер үшін қосалқы бөлшектер жеткізетін секілді.

(Өзінің сайтында компания қосалқы бөлшектер жеткізуден бөлек, көліктер жеткізу қызметін де ұсынған – З.Б.).

Бұл отбасы араб елінде орныққан туыстарына жиі барып тұрған, Айгүлдің өзі туристік жолдама арқылы ол жаққа үш мәрте барып келіпті. Ал Мырзабек өз әжесіне (оны әжесінің көзінше ұстап әкеткен) екі рет келіп кеткен, ал бұл жолы әжесі оған барып, тамыздың аяғынан бері қонақтықта жүр екен. Әжесі егде тартқан жан болғандықтан немересі өзі мен әжесіне билет сатып алып, оны үйіне өзі апарып тастамақ болған. Әсия әженің айтуынша, 25 қазанда олар Әбу-Дабидан Атырауға күндізгі рейске тіркеуден сәтті өткен. Алайда төлқұжаттық бақылаудан өткенде проблемалар туындаған. Бастапқыда әжесі түсінбестік болған деп ойлапты.

- Ол маған әлдебір сандардың сәйкес келмей, оны ұшаққа жібермей тұрғанын айтты, - деп әңгімелейді әжей. – Менің көзімше оны Әбу-Даби полициясы алып кетті. Менің жалғыз өзімнің ұшуыма тура келді. Бірақ мен бәрі шешілетіндігіне сенімді болатынмын...

Алайда олар он бірінші тәулік болса да, ұлдарының не үшін ұсталғанын және оның қайда екенін білмейді. Қауытбаев БАӘ-нің аумағында ұсталған қазақстандық азаматтардың алғашқысы болды.

- Бірнеше күннен кейін түнде фирманың басқа қызметкерлеріне полиция баса көктеп кіріп, есіктерін сындырып, балаларды бір бөлмеге жинап, ал әкелерін аяқ-қолдарын байлап, сол күйлерінде алып кеткен. Фирманың 6 қызметкері ұсталыпты. Басқа ұсталушылардың кім екендіктерін біз білмейміз. Бәлкім, осы кезде оларда қонақтықта жүрген фирма директоры Асылбек ШУКРАНОВТЫҢ туыстары шығар. Ұсталғандар негізінен – оралдықтар, ал Мырзабектен басқа, Атыраудан тағы бір-екі жігіт бар, - деп Айгүл ұсталғандардың әйелдерімен телефон арқылы естігендерін әңгімелеп берді. – Олар тіпті сол жерде болса да, күйеулерін не үшін айыптап отырғанын білмейді. Әйелдері бас консулдыққа хабарласқан, біз осы жерден Астанадағы Сыртқы істер министрлігіне шықтық. Басқа ұсталушылардың ата-аналары Астанаға барып, барлық қатысты орындардың табалдырығын тоздыруда. Бірақ ешкім ештеңе жасамай отыр. СІМ тек 31 қазанда ғана қазақстандық азаматтардың тағдыры туралы сұраныс жолдады. Ал сол кезде біздің ұлымызды араб полициясының ұстап отырғанына жетінші тәулік болған еді. Әмірліктегі біздің консулдық та ешқандай ақпарат білмейді, осы істің жағдайын анықтау үшін еш нәрсе жасамай отыр.

- Әмірлік полициясы қазақстандықтарға не себепті аяусыз қарап жатыр деп ойлайсыз?

- Біздің не болғанынан еш хабарымыз жоқ. Ұсталушылардың әйелдері бізге абыржып қоңырау шалуда. Олардың бес-бестен балалары бар. Көпшілігі омыраудағы балалар. Бүкіл қаржылық істермен күйеулері айналысқан. Олардың баспананы жалға алу, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу мерзімдері жақындап қалыпты. Ал олардың тіпті азық-түлік сатып алуға да ақшалары жоқ.

Мен ұсталушылардың туыстары берген Әмірліктегі консулдық қызметкерлерінің барлық үш нөміріне қоңырау шалдым. Солардың ішінде «төтенше» нөмір де бар еді. Бүкіл телефонға қоңырау барып тұр, бірақ ешкім жауап бермеді. Ал адамдар болса, өркениетті әрі Қазақстанға достық пейілдегі елде туыстарының не жағдайда екенін әлі біле алмай отыр.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 қараша 2013, 23:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.