Атырау, 24 қазан 09:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +13
$ 486.65
€ 524.46
₽ 5.05

Атырауда терроризммен айыпталушы үстінен сот басталды

2 335 просмотра

Бүгін, 4 қарашада, облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында экстремистік бағыттағы діни ағымды ұстанушы, 26 жасар Атырау қаласының тұрғыны У. МҰНАТОВТЫҢ үстінен сот процесі басталды.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, алдын ала тергеу органдары Мұнатовты 2009-2013 жылдар аралығында орташа ауыр, ауыр және аса ауыр санаттарына жататын бірқатар қылмыстар жасады деп айыптап отыр.

- Оған Қылмыс кодексінің 233-2 бабының 1,2 және 3 бөлімдері («Террористік топ құру, басқару және оның қызметіне қатысу»; 233-3 бабының 1 және 2 бөлімдері («Экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру»); 24-баптың 3-бөлімі және 28-баптың 3-бөлімі («Қылмыс жасауға оқталу»); 233-бап 2-бөлімінің «а», «б» тармақтары («Азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауіп төндiретін қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолдана отырып, терроризм актілерін бірнеше рет жасау») баптары бойынша айып тағылды, - деді Ғалиев. Сондай-ақ, ол қолданыстағы процессуалдық нормаларға сәйкес, сот процесі жабық режимде өтіп жатқанын хабарлады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

4 қараша 2013, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.