Атырау, 26 қараша 11:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Соңғы бұйрығы есте қалды

2 317 просмотра

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметі Атырау департаментінің басшысы Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВАНЫҢ отставкаға кеткендігі туралы ақпаратты растады.

Бізге Досмұхамбетованың ТМРА жүйесінен неліктен қызметтен кеткені белгісіз. Кейбір мәліметтер бойынша, ол Мәскеудегі мемлекетаралық комиссиялардың біріне қызметке орналасыпты, - деп хабарлайды ведомостваның баспасөз қызметі. Досмұхамбетованың өзімен хабарласа алмадық.

Облыстағы монополияға қарсы бас қызметкер лауазымында жүрген кезде Балжан Ибатқызы қол қойған соңғы құжат – облыс орталығындағы Авангард пен Лесхоз ықшамаудандарындағы тұрғындар үшін табиғи газды тұтыну нормаларын төмендету туралы бұйрық болатын.

ТМРАД-тың баспасөз релизінде бұған қатысты 2012 жылдың 9 шілдесіндегі  тауарлы және мұнай газын тұтыну нормасын есептеу және бекіту ережелерін басшылыққа ала отырып, ТМРАД биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап, Авангард пен Лесхозды газбен қамтитын «Атыраугазинвест» ЖШС-нің клиенттері үшін газ тұтыну нормаларын төмендеткені көрсетілген. Естеріңізге салсақ, тұтыну нормалары бойынша төлемақы газ есептегіші болмаған кезде алынады. Өйткені әңгіме тұтынушылардың азғана мөлшері туралы болып отыр. Оның үстіне норманы төмендету төлемақының айтарлықтай азаюына әкелді деуге болмайды - адам басына шаққанда айына 4,4 теңгеге ғана азайған. Дегенмен Досмұхамбетова «әдемі» кете білді.

Ал, облыс орталығының қалған бөлігін газбен қамтитын «ҚазТрансГаз аймақ» АҚ ӨФ абоненттік қызметінен анықтағанымыздай, оларда тұтыну нормасы бұрынғыша қалған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 қараша 2013, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.