Атырау, 23 қараша 21:46
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақ үй Сноуденнің рақымшылық жасау туралы өтінішін қабылдамады

2 342 просмотра
Ақ үй мен АҚШ конгресінің барлау қызметі бойынша комитет басшылары ҰҚА мен ОББ бұрынғы қызметкері, The Washington Post пен The Guardian хабаршысы Эдвард Сноуденнің рақымшылық жасау туралы өтінішін қабыл алмады, деп хабарлады РБК Associated Press -ке сілтеме жасап.

Жоғарыда айтылған мәлімдемені Э.Сноуденнің өзі талап етті. 1 қараша күні ол Германияның канцлері Ангела Меркельге хат жолдап, онда «Шындықты айту қылмыс емес. Халықаралық қауымдастықтың қолдауымен АҚШ билігі өзінің зиянкестік қызметінен бас тартады деп сенемін» деп жазған.

Алайда Э.Сноуденнің өтініші АҚШ тарапынан наразылық тудырды. Конгресмендер бірауыздан қарсылық білдірді. Ақ үй кеңесшісі Дэн Пфайфер: «Рақымшылық жасау туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ, Э.Сноуден АҚШ-қа қайтып келіп, сот алдында жауап беруі тиіс», - деп түйді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 қараша 2013, 08:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.