Атырау, 26 қараша 12:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Күн жарылды

2 377 просмотра

Күн бетінде кезекті күшті жарылыс орын алды. Соңғы бірнеше күнде бұл үшінші рет болып отыр. Бұл туралы «АЖ»-ға Алматыдағы Қазақстан Республикасының ионсфера институтының қызметкері Ирина ЦЕПАКИНА хабарлады.

- Жарылыс батыс шеңберінің ең шетінде орын алды. Сондықтан да плазманың инжекторлы ағынының бағыты Жерге жанаспай өтеді. Қазір бұл сәулелердің сөне бастағанын көріп отырмыз. Бұдан бұрын болған жарылыс, тіпті, күннің арғы жағында болды, еш қауіп жоқ. Яғни, магнитті дауыл сияқты келеңсіздіктер болмайды.

Айта кетсек, Күндегі жарылыстар магнитті дауылдардың болуына себепші болады. Ал бұл инфаркт, инсульт және қан қысымының көтерілуіне байланысты басқа да аурулардың қозуына әсер етеді деп саналады. Ауа райы әсеріне бейім адамдарға дәрігерлер мұндай күндері көп демалып, алкоголь мен майлы тағамдар ішуден бас тартуға кеңес береді. Ал институт қызметкерлері Жердегі магнитті дауылдар адам денсаулығына әсер етеді деген пікірмен көп келісе бермейді екен. «Бұдан көбіне секемшіл адамдар ғана зардап шегеді»,- дейді И. Цепакина.

Анастасия ПАСТУХОВА

1 қараша 2013, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.