Атырау, 21 наурыз 05:56
 ашықВ Атырау +10
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

В.Путин Грузия президентін ұлықтау рәсіміне шақырылған жоқ

1 516 просмотра
Грузияда елдің жаңа президентін ұлықтау рәсіміне қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Сыртқы істер министрлігі 17 қарашада өтетін ант қабылдау рәсіміне шақырылатын қонақтардың тізімін жасауда. Алайда Ресей елі бұл тізімде жоқ, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі. 

Грузияның сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе мәлімдегендей, шақырылған ресми делегациялардың қатарында ЕО елдерінің, НАТО құрамына кіретін мемлекеттердің өкілдері, сондай-ақ «Шығыс әріптестігі» Еуроодақ бағдарламасының мүшелері бар. Сонымен қатар, аталмыш шараға Грузияда елшілігі мен консулдігі бар барлық елдердің өкілдері шақырылады. «Ресей бұл тізімде жоқ»,-деп толықтырды М.Панджикидзе. 

Ресей мен Грузия арасындағы дипломатиялық қатынастар 2008 жылдың тамыз айында соғыстан кейін біржолата үзілген еді. Бидзина Иванишвилидің басшылық етуімен Грузияның жаңа үкіметі Мәскеумен арадағы қатынасты қайта жақсартуға бағыт алды.

Дереккөз: BNews.kz

1 қараша 2013, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.