Атырау, 23 қараша 22:01
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Эдвард Сноуден Ресейде жұмысқа орналасты

1 494 просмотра
АҚШ арнайы қызметтерінің жұмысын әшкерелеген Орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден Ресейде жұмысқа орналасты. Бұл туралы Америка азаматына заңгерлік қолдау көрсетуші адвокат Анатолий Кучерена хабарлады.

Кучерена Сноуденнің нақты қай жерге жұмысқа орналасқаны туралы айтқан жоқ, тек жұмысы ресейлік ірі сайтқа қатысты екенін сөз етті.

«Эдвард қарашадан бастап жұмысқа шығады. Ол ірі ресейлік сайттың жұмысын қолдаумен айналысатын болады. Ресурстың қалай аталатынын қауіпсіздік мақсатында хабарлай алмаймын», - деп «РИА «Новости» Кучеренаның сөзін келтіреді. Адвокаттың айтуынша, Сноуден жұмысқа 2013 жылғы 1 қарашадан бастап шығады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

1 қараша 2013, 08:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.