Атырау, 23 қараша 21:48
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сирияның химиялық қаруы Албанияға тасылып, жойылуы ықтимал

2 221 просмотра
Сирияның химиялық қаруын жою үшін Албанияға тасылуы мүмкін. Бұл туралы кеше «Global security newswire» америкалық маманданған желілік бюллетені жазды, деп хабарлайды ресейлік ИТАР-ТАСС агенттігі. 

Басылымның қолындағы мәліметте, Сириядан улайтын қару Албанияға тасылып, сол жерде жойылуы ықтимал екен. Сонымен бірге, Белгия мен Франция да сирияның химиялық қаруын жою үшін қабылдауы да мүмкін, деп жазады «Global security newswire».

М.Горбачевтің ұсынысымен құрылған Дүниежүзілік жасыл айқыш экологиялық ұйымының басшысы Пол Уокер басылымға АҚШ-тың одақтастарына сирияның химиялық қаруының бір бөлігін құрту үшін алып кетуін сұраған. Оның айтуына қарағанда, қазіргі жағдайда Сириядан химиялық қарулы Албания, Бельгия мен Францияға жеткізу барынша ұтымды болмақ.

Иракта жаппай қырып-жою қаруын іздеген америкалық сарапшылардың жетекшісі Чарлз Делфер «Албания Сирияның химиялық қаруын қабылдауға барынша ынталы екендігін» айтып отыр.

Албания 2007 жылы Химиялық қаруға тыйым салу туралы халықаралық конвенцияға қосылғаннан кейін барлық химиялық қаруының көзін жойған ел. Албания 16 тоннадай иприт және басқа да улы заттарлы Швейцарияның қолдауымен германдық құарл-жабдықты пайдалана отырып жойып жіберген.

Дереккөз: bnews.kz

31 қазан 2013, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.