Атырау, 26 қараша 11:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жаңасу бұрқақтары

2 171 просмотра

«Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және оқшаулау» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Атыраугидрогеология» ЖШС Жаңасу шатқалы телімінде  өздігінен төгіліп жатқан 16 ұңғыманы анықтады.

Оның 10 ұңғымасы жойылуға, 6 ұңғыманы крандық режимге ауыстыруға ұсынылды, өйткені оларды жергілікті тұрғындар пайдаланды, -дейді БатысҚазЖерқойнауы» өңіраралық департамент жетекшісі Жұмабек ҚАЗЫБАЕВ.

1982-1985 ж.ж. Гурьев гидрогеологиялық экспедициясы мұнайшылар ауылын шаруашылық-тұрмыстық және техникалық сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын іздестіруді жүргізуінің нәтижесінде Оңтүстік-Ембі артезиан бассейні аумағында орналасқан Жаңасу жерасты су кен орны барланып, су бөгетін салуға ұсыныстар берілген екен. Бұған қатысты Қазыбаев былай дейді:

- Жаңасу жерасты су кен орны шегінде сұраныстағы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілгенде өнімділігі 40 л/сек және 52 л/сек сәйкес, тереңдігі 550 және 820 м ярустық ұңғымалар бұрғыланды. Оның бәрін бүгін де пайдалануға болады..

Айнұр САПАРОВА

31 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.