Атырау, 21 шілде 16:21
 дождьВ Атырау +32.3
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

​Атырау соты АИТВ орталығының директорын орынбасарына айтқан сөзі үшін жазалады

131 рет қаралды

Атырау қаласының №2 сотында жергілікті АИТВ (ВИЧ) орталығының басшылары арасындағы ерекше сот процесі аяқталды. Сотталушылар орындығында мемлекеттік мекеме директоры Айгүл Кудаманова, ал жәбірленуші - тоның орынбасары Луиза Ақбанова болды, деп хабарлайды Kоzachkov offside.

Үлкен дау директор орынбасары лауазымын қысқарту жоспарына байланысты туындаған. Ақбанова Денсаулық сақтау басқармасына шағымданып, осыдан кейін орталыққа арнайы комиссия келеді. Тексерушілердің жұмысы кезінде екі басшы өзара сөзге келіп қалады да орталық басшысы қол астындағы қызметкеріне «тупая» (ақымақ, топас) деп тіл тигізген.

Комиссияның екі мүшесі бұл сөзді естімегенін айтса да, медицина қызметкерлері кәсіподағының өкілі жанжалды тіркеп, осы сөзді хаттамаға енгізген. Бұл істегі негізгі дәлел болды. 

«Тупая» сөзінің әдепсіз қорлау түріне жататын-жатпайтынын анықтау үшін сот бірнеше филолог-сарапшыны тартты:

  • Қорғау тарапы ұсынған сарапшы қорытындысы бойынша бұл сөз «ауызекі сөйлеу нормасына жатады», тек «ақыл-ой қабілетін бағалауды» білдіреді және жеке пікірге жатады (ал жеке пікір үшін жауапқа тартылмайды).

  • Сот пен айыптау тарапы басқа филологтардың зерттеулеріне сүйенді. Олар бұл сипаттама әдепсіз түрде адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды деген тұжырымға келді.

Нәтижесінде сот медициналық мекеме басшысын Қылмыстық кодекстің 131-бабы («Қорлау») бойынша кінәлі деп таныды.

Директорға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, ол жәбірленушіге моральдық зиян үшін 100 мың теңге төлеуге, адвокат қызметі үшін 500 мың теңге өтеуге және 400 мың теңге сомасындағы сараптама шығындарын өтеуге міндеттелді. Осылайша, бұл эмоциялық сөз орталық басшысына (айыппұлдың өзін есептемегенде) миллион теңгеге жуық шығын әкелді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.