
Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Атырау облысы әкімінің өкімімен осы лауазымға Жантас Оспан тағайындалды.
Ол жоғары білімді. 2009 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай-газ саласындағы қолданбалы экология», 2019 жылы С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетін «Мұнай-газ ісі», 2025 жылы Алматы Менеджмент Университетін «Жалпы және стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар.
Еңбек жолын Жантас Оспан 2004 жылы «Жаңа жол-1» ЖШС-нде жабдықтау жөніндегі инженер болып бастаған. Әр жылдары мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда сапаны бақылау инженері, құрылыс жөніндегі директордың орынбасары, БӨАжА инженері, маман, өндірістік-техникалық бөлім басшысының орынбасары және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылғы желтоқсаннан бері Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор, кейін басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында еңбек етті.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін осы басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
В Атырау +32.3