Атырау, 21 шілде 09:16
 дождьВ Атырау +23.2
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Атырау облысының жаңа әкімі шенеуніктерге тапсырмаларды орындауға жеті күн берді

Сурет
471 рет қаралды

Атырау облысының жаңа басшысы Болат Ақшолақов әкім орынбасарлары, басқарма басшылары және қала мен аудан әкімдерінің қатысуымен алғашқы аппараттық жиын өткізді. 

Кездесуде мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, жылыту маусымына дайындық, инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту және бюджеттің орындалуы талқыланды.

Өңір басшысы Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің толық орындалуын жеке бақылауда ұстайтынын атап өтіп, нақты тапсырмалар берді. Қала және аудан әкімдеріне инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, жылыту маусымына дайындықты күшейту міндеттелді. Экономикалық блокқа жауапты органдарға инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және мемлекеттік сатып алуларды кешіктірмеу тапсырылды.

Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін жедел қарау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, денсаулық сақтау саласында жаңа көпсалалы аурухана салу мүмкіндігін қарастыру, Каспий жағалауындағы қамыс алқаптарын зерттеу және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша заманауи шешімдер әзірлеу қажеттігі айтылды. Болашақта экологиялық қауіпсіз технологиялар негізінде қоқыс өртейтін зауыт салу мүмкіндігі де қарастырылмақ.

Барлық тапсырмаларды орындауға жеті күнтізбелік күн берілді. Жиынды қорытындылаған Болат Ақшолақов мемлекеттік органдардың жұмысындағы басты өлшем – нақты нәтижелер екенін баса айтып, әр басшының жеке жауапкершілігін талап етті.

Кеше, 20:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.