Атырау, 21 шілде 08:39
 дождьВ Атырау +24
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

​Қазақстанда «зымыран сынықтары табылды» деген ақпарат расталмады

197 рет қаралды

Әлеуметтік желілерде металл құрылым бейнеленген видео тарады. Кейбір қолданушылар оны «зымыран сынығы» деп атады және кадрлар Шығыс Қазақстан облысында түсірілген болуы мүмкін деген болжам жасады.

Алайда облыс әкімдігі бұл деректі жоққа шығарды. Ведомствоның баспасөз қызметі өңір аумағында зымыран сынықтарының табылғаны туралы фактілер тіркелмегенін хабарлады.

«Бар ақпаратқа сәйкес, оқиға Қазақстанмен шекаралас Ресей Федерациясының Алтай Республикасында болған болуы ықтимал», – деп түсіндірді әкімдік.

Сонымен бірге өңірлік билік ақпаратты тарату кезінде мұндай деректерді ескеруді сұрады, себебі жағдайды қате түсіндіру ықтималдығы бар.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Байқоңырдан «Союз МС-29» кемесі ұшырылған еді.

Кеше, 19:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.