Атырау, 21 шілде 08:40
 дождьВ Атырау +24
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Павлодар облысында кәсіпорында алты адам қаза тапты

214 рет қаралды

Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан кәсіпорында ауыр қайғылы жағдай болды. 20 шілде күні түскі уақытта болған оқиға салдарынан алты адам көз жұмды. Бұл туралы pavon.kz хабарлады.

Облыстық жедел жәрдем станциясының дерегінше, шақырту 12:01-де түскен. Оқиға орнында дәрігерлер келгенімен, зардап шеккендерді аман алып қала алмады.

Қаза тапқандардың арасында тәжірибелі жұмысшылар да, жасөспірімдер де бар: 1963, 1975, 1983, 1998 жылғы азаматтар және 2006, 2009 жылы туған жасөспірімдер. Ең кішісі небәрі 17 жаста болған.

Бір адам аман қалған. 1988 жылғы ер адам орташа дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану диагнозымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары кәсіпорында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын және неліктен өндіріс аумағында кәмелетке толмағандардың болғанын анықтамақ.

Арнайы комиссия қазаға әкелген нақты себептерді тексеруде.

Кеше, 19:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.