Атырау, 24 тамыз 23:58
 дождьВ Атырау +33.8
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47

Атырауда ер адамнан ​206 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді

Бейнежазба
454 рет қаралды

Атырау облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде есірткі заттарын таратумен айналысқан 41 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Тінту барысында күдіктінің автокөлігінен 125 грамм есірткі табылды. Сондай-ақ оқиға орнында жасырған жерінен 81 грамм есірткі тәркіленді.

Аталған заттар жалпы салмағы 206 грамм болатын Альфа-pvp синтетикалық есірткі заты екені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Полиция есірткіге қатысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. 

20 шілде, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.