Атырау, 21 шілде 06:41
 дождьВ Атырау +24
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Ақтөбеде бөтен телефоннан 1 млн теңге заңсыз аударған ер адам ұсталды

173 рет қаралды

Polisia.kz хабарлауынша, 41 жастағы тұрғын танысымен бірге ішімдік ішіп отырған кезде оның телефонын пайдаланып, банк қосымшасы арқылы өз есепшотына 1 миллион теңге аударып жіберген.

Жәбірленуші бірнеше күннен кейін ғана банк операцияларын тексеру барысында ақшаның жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.

Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу кезінде ол кінәсін мойындап, ақшаны жеке қажетіне жұмсап үлгергенін айтқан.

Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарға телефондарына мұқият қарауды, банк қосымшаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескертеді. Телефонды қараусыз қалдыру бір сәттік қулықтың қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Кеше, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.