
Демалыс күндері өткен мерекелік іс-шаралар кезінде полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды күшейтті, деп хабарлайды POLISIA.KZ.
Патрульдеу барысында орталық көшелердің бірінде «Күйеу жігіттің ағасы» деген жазулармен безендірілген бес автокөлік анықталды.
Жүргізушілер жол ережесін өрескел бұзып, өзге көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндірген. Патрульдік полиция заңға сәйкес жедел шара қабылдап, барлық бес көлікті айып тұрағына қойды.
Жүргізушілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Полиция жол ережесі барлық азамат үшін бірдей екенін еске салып, мерекелік шаралар да заңды бұзуға себеп бола алмайтынын атап өтті.
Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі. Бір сәттік бейқамдық адам өміріне қауіп төндіріп, орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Сондықтан полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға және өзара сыйластық танытуға шақырады.
В Атырау +24