Атырау, 21 шілде 05:59
 дождьВ Атырау +24
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды

193 рет қаралды

56 жастағы бұрынғы Үлкен Манчестер мэрі өткен жұмада Лейбористік партияның жаңа жетекшісі болып сайланды. Ол Кира Стармерді алмастырды, деп хабарлайды BBC.

Бүгін ресми рәсім өтеді: қазіргі премьер-министр Стармер Букингем сарайына барып, король Карл ІІІ-ке отставкаға кету туралы өтініш береді. Кейін король Бернемге жаңа үкімет құруды тапсырады. Осыдан соң Бернем Ұлыбританияның 59-премьер-министрі ретінде ресми түрде қызметке кіріседі.

BBC дерегінше, алғашқы сөзінде Бернем елдегі саяси тұрақсыздықты атап өтіп, тұрақтылық пен жауапкершіліктің маңызын айтады. Ол соңғы он жылдағы жетінші премьер болмақ.

Жаңа үкіметтің басты бағыттары ретінде:

  • міндетті цифрлық жеке куәлікті енгізу идеясынан бас тарту;

  • Солтүстік теңізде мұнай-газ өндірісін талқылау;

  • коммуналдық қызметтерді мемлекеттік бақылауға алу;

  • муниципалдық тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бастау жоспарланып отыр.

Экологиялық ұйымдар Лейбористердің 2024 жылғы манифестіндегі уәделерді сақтауды — жаңа лицензия бермеуді, тек қолданыстағы кен орындарында өндірісті жалғастыруды талап етуде.

Жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Бернемнің мұнай-газ өндірісін кеңейту жоспарын құптады.

Кеше, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.