Атырау, 21 шілде 05:39
 дождьВ Атырау +24.2
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Қазақстанда егін жинау науқаны басталды

149 рет қаралды

Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласының шаруалары егін орағына кірісті.

Алдын ала деректерге қарағанда, биылғы өнімділік өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары. Қазірдің өзінде 634 мың тонна дәнді дақыл бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерді құрап, былтырғы көрсеткіштен 1,7 есе артық.

Бидай түсімі 461,2 мың тоннаға жетіп, гектарынан 19,1 центнер алынуда (өткен жылы — 13,7 ц/га). Арпа бойынша да нәтиже жоғары: 157,8 мың тонна жиналып, өнімділік гектарына 17 центнер болды, бұл өткен жылғы деңгейден екі есе көп.

Аграршылар егінді уақытылы жинау үшін қажетті техникамен толық қамтылған: 133,9 мың трактор, 5,6 мың егіс кешені, 71,4 мың тұқым сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу техникасы бар.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан 401 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінеді.

Кеше, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.