Атырау, 21 шілде 05:41
 дождьВ Атырау +24.2
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

Астана әуежайындағы жанжал: мас жолаушыны Шымкент рейсінен күшпен​ түсірді

194 рет қаралды

Астана әуежайында полиция қызметкерлері 36 жастағы жолаушы әйелдің ұшуына жол бермеді, деп хабарлайд Astanovka98.

Әйел қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғандықтан, оны рейстен шұғыл түрде түсіруге тура келгенін Көліктегі полиция департаменті мәлімдеді.

Белгілі болғандай, әйел қатты алкогольдік мас күйінде болған. Отырғызу аймағына тыныш өту орнына ол агрессивті әрекет жасап, қатты дауыс көтеріп, балағат сөздер айтып, жанжал шығарған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны тыныштандыруға тырысқанымен, ол заңды талаптарды орындаудан бас тартқан.

Полиция әйелді бөлімшеге жеткізіп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы:

  • Қоғамдық орында мас күйінде жүру;

  • Ұсақ бұзақылық;

  • Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша хаттама толтырды.

Барлық материалдар сотқа жіберілді. Жолаушыға ірі айыппұл немесе әкімшілік қамау жазасы қолданылуы мүмкін. Сол күні ол Шымкентке ұша алмады.

Кеше, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.