Атырау, 21 шілде 05:40
 дождьВ Атырау +24.2
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

​Атырау — Индер жолында жеңіл көліктер соқтығысып, бір адам қаза тапты

250 рет қаралды

Жол апаты 18 шілдеде кешке таман жолдың Махамбет ауданы тұсындағы 56-шақырымында болған. 

Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, тағы төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жолда Toyota Sienna және Lada Granta маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Sienna көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, апатқа ұшыраған тағы төрт адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Кеше, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.